Психологиялық қызмет
Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметі
Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметі – бұл білім алушылардың психологиялық әл-ауқатын қамтамасыз етуге, олардың оқуға деген ынтасын арттыруға, үлгерімін, шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруын, кәсіби бағдарын қалыптастыруға, сондай-ақ білім беру үдерісіне қатысушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуге жауапты алқалық орган.
ППСҚ құрамына директор, тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасарлары, оқу-тәрбиежұмысы жөніндегі директордың орынбасарлары, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтар, логопед, арнайы педагогтар, педагог-ассистенттер, кәсіби бағдар беруші педагогтар кіреді. ППСҚ қызметін тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары үйлестіреді.
Қызметтің негізгі бағыттары:
- Психологиялық ағарту. Ересектер мен балаларда психологиялық көмек алуға деген қажеттілікті қалыптастыру.
- Психологиялық алдын алу. Оқушылардың, тәрбиеленушілердің, педагогтар мен ата-аналардың бейімделе алмауын болдырмау бойынша жұмыс.
- Психологиялық диагностика. Білім алушыларды ұзақ уақыт бойы терең диагностикалауды қамтиды. Бұл үшін маман балалардың мінез-құлқын, оқуын бақылайды, ішкі мәселелерді анықтау үшін тесттер өткізеді.
- Психологиялық түзету. Психологиялық қиындықтарды жою, қалыпты эмоциялық жағдайды қалпына келтіру шаралары.
- Кеңес беру қызметі. Балаларға, ата-аналарға, педагогтарға кеңес беру, жиналыстарда сөз сөйлеу.


