Жаңалықтар
- 9"А" сынып оқушылары "Спасибо ветерану...!" челленджінің қатысушылары болды#МыПомним #БізҰмытпаймыз.
- Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шаралар аясында аудандық ардагерлер кеңесі 10 жалпы білім беретін мектепте «Отан үшін отқа түскен батырлар» тақырыбында ерлік сабағын өткізді.
- 19.04.2025 жылғы 19 сәуірде "Біртұтас Тарбиенің" біртұтас білім беру бағдарламасын жүзеге асыру аясында Халықаралық әкелер күніне орай ата-аналарымен бірге 8-11 сынып оқушылары арасында спорттық эстафеталар өткізілді.
- Балаларды цифрлық кеңістікте қорғау – «SIM KIDS» жобасының алғашқы қадамы. Цифровая защита детей – первый шаг «SIM KIDS»
- Мектеп медицинасын дамыту аясында 2025 жылғы 17 сәуірде Жітіқара облыстық ауруханасының фельдшері Аусииилов К.Б. жоғары сынып оқушылары мен мектеп мұғалімдеріне алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша оқу өткізді.
- ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанованың қазақстандық ата-аналарға үндеуі
- "Біртұтас тәрбие" бағдарламасын жүзеге асыру аясында, "Балалар кітапханасы" жобасы шеңберінде "Біз таңдайтын кітаптар" атты сынып сағаттары өткізілді
- Өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу және салауатты әдеттерге баулу мақсатында мектепте салауатты өмір салты бойынша сынып сағаттары өткізілді.
- Дүниежүзілік денсаулық күні аясында мектепте оқушылар мен педагогтар арасында волейболдан жарыстар өткізілді.
- Ғарышкерлер күніне орай мектеп кітапханасында 3 «А» сынып оқушыларына арналған «Жұлдызды аспан сырлары» атты танымдық викторина өткізілді. Ко Дню космонавтики в школьной библиотеке была проведена познавательная викторина «Тайны звёздного неба»
- Мишарин Никита, ученик 3"Б" класса, участник челленджа "Жеңіске-құрмет, ерлікке -тағзым!"
- "Әскердегі сарбазға хат" челленджі аясында 9 сынып оқушылары өткен сарбаздарға хат жаза отырып, патриоттық акцияға қатысты.
- Белгілі ғалым, жазушы және қоғам қайраткері Евней Арстанович Букетовтің туғанына 100 жыл толуына орай сынып сағаттары өтті.
- 7 сәуір - Дүниежүзілік денсаулық күні
- Құмаш Нұрғалиевтің туғанына 100 жыл толуын мерекелеу аясында мектеп кітапханасында мектеп педагогтары арасында Нұрғалиев оқулары өткізілді.
- 2025 жылғы 02 сәуірден 03 сәуірге дейінгі аралықта "Әділетті қоғам: саясат қағидаттар және құндылықтар жүйесі" атты Республикалық онлайн семинар- тренинг өтті, оған 11 сынып оқушысы Алексей Мавлютов қатысты.
Сенімнің күші – қамқорлықта. Бір мектептегі өзгеру тарихы
2025 жылдың қаңтарында Шығыс Қазақстан облысының Глубоков ауданына қарасты ірі орта мектептердің бірінде ерекше бастама қолға алынды. Аудандық прокуратура білім бөлімі мен мектеп әкімшілігінің белсенді қолдауымен өмірлік қиындыққа тап болған жасөспірімдерді өз қамқорлығына алды.
Осылайша «Күш-бірлікте» деп аталатын көшбасшылар клубы дүниеге келді.
Ең бастысы — 7–8-сыныптың 23 оқушысына жаңа тыныс ашылды. Күдіктеніп қарағаннан гөрі, сенім артты. Түзетуге тырысқаннан гөрі, қолдау көрсетті. Оларды спортқа, шығармашылыққа, бірлескен істерге жұмылдырды. Нәтижесінде үш айдың ішінде тәртіп бұзушылықтың орнына – жетістіктер, немқұрайдылықтың орнына – белсенділік, тұйықтықтың орнына – сахнада жарқыраған өнер келді.
Тағы бір айрықша жайт – прокурордың қатысуы ресми жиындармен шектеліп қалмауы. Ол негізгі жұмысынан қолы босаса болды, мектепке барып, балалармен әңгімелесті, теннис және басқа спорт түрлерін бірге ойнады, өмірлік тәжірибесімен бөлісті. Балғын жүректерге дәл осындай қарапайым да шынайы сәттердің әсері мол болды. Олар расымен сенімге ие екенін, жандарында көмек қолын созуға даяр ересектер бар екенін ұғынды.
Ал бұл бастаманың сәтті жүзеге асуына мектеп директоры мен мұғалімдердің қосқан үлесі өлшеусіз. Балалар үшін қолайлы орта жасалып, өзін қажетті, естіген, қабылданған күйде сезінуіне бар жағдай жасалды.
Оқушылар өз күштерімен «Наурыз – Мейірім мен бірліктің мерекесі» атты мектептік шараны ұйымдастырып, әр жасөспірімге қажетті дүниенің бір ғана мүмкіндік пен оған деген сенім екенін дәлелдеді.
Жеке өзімнің ойым: ересектер шынайы қамқорлық көрсеткенде – тек балалар ғана өзгермейді, өзіміз де түбегейлі трансформацияға ұшыраймыз. Себебі жүрегіміздегі ізгілікке, мейірімге деген сеніміміз жаңғырады. «Мәселесі көп» деп жүрген бұл жеткіншектер, шын мәнінде, бізден тек түсіністік пен ықыласты күткен екен.
Бүгінгі таңда клуб мүшелері өз мектебінің көшбасшыларына айналды. Ал «Күш - бірлікте» бастамасы алдымен аудан деңгейінде, кейін бүкіл өңірде таратылуға дайындалып жатыр. Бұл тәжірибе шынымен шабыттандырады.
Менің сенімім: ертеңгі қуатты ұрпақты тәрбиелегіміз келсе, ең алдымен оларға қажеттілігін сезіндіру керек. Қорқытып емес, қолдау арқылы. Бұйырып емес, көңіл бөлу арқылы.
Осы жобаның жетістігі ескеріліп, мен оны басқа өңірлерде де жүзеге асыруды тапсырдым. Ол жақта да прокурорлар нақты мектептерге қамқорлық жасап, әр баланың бойындағы әлеуетті оятуға атсалысады. Заң өкілі ретінде біз лайықты ұрпақ қалыптастыру – баршамыздың ортақ парызымыз екенін жақсы түсінеміз. Сондықтан осы жауапкершіліктің бір бөлігін өз мойнымызға алуға дайынбыз. Себебі жастарды қолдау – тұтас елдің болашағына жасалған ең ұтымды инвестиция.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзіне сүйенсек: «Жастар – жарқын болашаққа деген барлық үмітіміздің бейнесі».
Міне, осындай жаңаша бастамалар арта түссе екен дейміз. Өйткені қуатты мемлекет – ең алдымен сенімге ие, сыйлы және даусы естілген жас буыннан бастау алады.
«Заң мен Тәртіп»
Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры Б. Асылов
Мектеп формасы қарау
"Жітіқара ауданы білім бөлімінің № 10 жалпы білім беретін мектебі" КММ 2024 жылғы 1 тамыздан бастап бастауыш мектепте балаларды оқуға дайындау мақсатында "Балақайлар мектебі" жұмыс істейді. Бағдарлама мұғалімдер мен ата-аналарға балаларға мектепте оқуға дайындалуға көмектесуге мүмкіндік беретін мектепалды даярлық пен бастауыш мектеп арасындағы сабақтастықты қарастырады. Сабақтар ойын түрінде өтеді, сурет салу, модельдеу арқылы ұсақ моториканы дамытуға арналған жаттығулар қолданылады.
Көруді "тегін тексеру" бойынша іс-шара
және халықты алдау
2023 жылғы 10 қарашада 2 - 7 сынып оқушыларына арналған "Зерде" республикалық зерттеу жұмыстары байқауының облыстық кезеңі өтті. Облыстық байқау қорытындысы бойынша 3 "А" сынып оқушысы Асилова Елизавета 1 орынға ие болды, сынып жетекшісі информатика пәнінің мұғалімі С.Б.Қоғабаева. Жеңімпазды және оның жетекшісін құттықтаймыз! Одан әрі қарай да сәттілік тілейміз!
___________________________________________________
_______________________________________________________________
2023 жылғы 28 қыркүйекте 1-11 сынып оқушыларының ата – аналары үшін «Кәмелетке толмағандарға қатысты құқыққа қайшы және аутодеструктивті мінез-құлықтың, жыныстық тиіспеушілік және қорқытудың алдын алу» тақырыбы бойынша жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өткізілді. Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтары мен жыныстық тиіспеушілігінің алдын алу мәселесін «Жітіқара қаласы мен Жітіқара ауданының полиция бөлімі» ММ ЮПТ инспекторы Сатымов Әлібек Сәрсембайұлы баяндады. Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу мәселесі бойынша «Жітіқара ауданы білім бөлімі» ММ әдіскер-психолог Сагнаева Гүлмира Болатқызы сөз сөйледі. Мектеп ортасында қорқытудың алдын алу мәселесін мектеп педагог-психологы Сарсекеева Манар Баизовна айтты. Мектеп директоры Мендаулетов Алмаз Тұрсынбайұлы жиналысқа қатысқан ата-аналарды мектептің жұмыс режимімен, оқушылардың оқулықтармен қамтамасыз етілуімен, мектепте тамақтандыруды ұйымдастырумен, мектептің қосымша білім беру жүйесінің қызметін ұйымдастырумен таныстырды. Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Синяшова Екатерина Сергеевна ата – аналарды «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» Республикалық тұтас тәрбие бағдарламасымен таныстырды. Жиналыс барысында ата-аналар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, аутодеструктивті мінез-құлық, жыныстық қол сұғылмаушылық және мектеп ортасында қорқыту мәселелері бойынша ақпараттық буклеттер таратылды. Ата – аналар жиналысына 139 ата – аналар қатысты.
_______________________________________________________________________________________
2023 жылғы 28 қыркүйекте терроризмге қарсы қауіпсіздік бойынша оқу-жаттығу шеңберінде мектеп оқушыларымен, педагогтармен және мектеп қызметкерлерімен күдікті зат табылған жағдайда мектеп ғимаратынан көшіру бойынша практикалық жаттығу сабақтары өткізілді. Оқу-жаттығуға 279 оқушы, 43 педагог және мектептің 14 қызметкері қатысты.